Балабақша жанынан оқ дәрілер табылды

Хабаровскіде балабақша жанында орналасқан бомбапанадан оқу материалдары мен қара түтінді дәрілер табылды.

Бұл жайлы бейсенбі, 10 тамыз күні Ресей ұлттық гвардиясының Шығыс әскери округі хабарлады. Аталған бомбапананы сәрсенбі күні жасөспірімдер тауып алған. Олар Хабаровск аймағы бойынша Ресей гвардиясы басқармасының ЕММЖ кезекші бөліміне ол жерден минаға ұқсас бірнеше заттар мен түсініксіз бөтелкелер көргендігін хабарлаған.

«Бомбопананың дәл жанында балабақша орналасқан. Таңертең ертемен полиция қызметкерлері оның аумағына өтуге шектеу қойып, қоршауға алды», – делінген хабарламада. Мамандар табылған заттар -танкіге және жаяу әскерге қарсы жаттығу миналарының бес түрі, ал бірнеше бөтелкедегі қара түтінді оқ-дәрілер деген шешімге келді. Қазір полиция қызметкерлері оқу-жаттығу ату жарақтарының ол жерге қайдан келгендігін анықтау үстінде.

 

Back to top button