Тәжік операторлары "Қырғызтелекомға" 1,3 млн доллар қарыз

Тәжік операторлары "Қырғызтелекомға" 1,3 млн доллар қарыз

Тәжік операторлары "Қырғызтелекомға" 1,3 млн доллар қарыз
ашық дереккөзі
Тәжікстан операторлары "Телеком Технолоджи" және "Сатурн-Онлайн" қырғыздың "Кыргызтелеком" компаниясына интернет қызметтері үшін 1 млн 349 мың доллар қарыз. Бұл туралы компания басшысы Нұрлан Мадаминов Қырғызстанның мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі қорының жиналысында хабарлады. Оның айтуынша, "Сатурн Онлайнның" ұарызы 662 мың доллардан асқан. Халықаралық аралық соты компанияны қарызын өтеуге міндеттеді, "бірақ тәжік тарапы сот шешімін орындауға асығар емес". "Соған байланысты, компания Қырғызстан үкіметі бұл мәселені Тәжікстан үкіметімен талқылағанын өтіне сұрайды", - деді Мадаминов. Тағы бір байланыс операторы "Телеком Технолоджидің" қарызы шамамен 687 мың доллар болды. "Кыргызтелеком" бұл компанияны халықаралық аралық сотқа берді. "Кыргызтелеком" ААҚ – Қырғызстандағы телекоммуникация саласындағы ірі компаниялардың бірі. Компанияның өз мәліметіне қарағанда, оның 450 мыңнан астам абоненті бар. Кәсіпорын акцияларының 78 пайызы Мемлекеттік мүлікті басқару қорына, 12 пайызы - Әлеуметтік қорға, ал 10 пайызы - жекелеген тұлғаларға тиесілі.