Қазақстандықтардың 28%-ы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр

Қазақстандықтардың 28%-ы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр

Қазақстандықтардың 28%-ы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр
ашық дереккөзі
256

Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 2,4 млн-ы немесе 28%-ы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықовтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ. «Біздің ұлттық еңбек нарығында да бәрі күшті емес. Біздің ұлттық еңбек нарығы да белгілі бір қиындықтарға тап келіп отыр. Жақсы көрсеткіштерге қарамастан, жұмыспен қамтылғандардың тиімсіз үлесі жоғары болып отыр. Яғни егер жұмыспен қамтылғандар құрылымын алып қарар болсақ, жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтығандар бар. Жұмыспен қамтылған 8,5 млн-ның 2,4 млн-ы өз-өзін жұмыспен қамтығандар», — деді Д.Арғандықов.

Оның айтуынша, өз-өзін жұмыспен қамтығандар құрамы да біркелкі емес. «Олар әр түрлі, яғни табыс деңгейі, жұмыс түрі, сәйкесінше қажеттілік бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Біз қалада өз-өзін жұмыспен қамтығандар да, ауылдық жердегілер де әр түрлі деп айтып отырмыз. Өз-өзін жұмыспен қамтығандар құрамында, статистика ақпарынша, мемқолдау шараларын қажет ететіндер шамамен 700 мыңдай адам», — деп толықтырды Д.Арғандықов. Бұл ретте статикалық ақпаратқа сәйкес Қазақстанда өз-өзін жұмыспен қамтығандардың шамамен 68%-ы ауылдық жерде тұратындығы да анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары