Шілдеден бастап су бағасы қымбаттауы мүмкін

Шілдеден бастап су бағасы қымбаттауы мүмкін

Шілдеден бастап су бағасы қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
197
Шілденің бірінен бастап елде су бағасына жаңа тарифтік саясат енгізіледі. Оған сәйкес, биыл судың құны қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еліміздегі сумен жабдықтау жүйесі 75 пайызға тозған. «Алдағы он жылда инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,5 триллион теңге керек. Қазіргі таңда қазақстандықтар тіршілік көзі үшін тым аз төлейді. Есесіне, халық суды көп пайдаланады. Ал тарифті көтерсе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы біраз проблемаларды шешуге болады»-, дейді ведомство басшысы. Қажеттілікті жабу үшін бір ғана бюджет есебінен бөлінетін қаржы жетпейді. Сондықтан бұл салаға халықаралық қаржы ұйымдарынан және несиелендіру арқылы қосымша қаражат тартылуы керек. Ал жаңа тарифтік саясаттың арқасында құбырлар мен қондырғыларды қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Осыған қатысты тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары қабылдады.

Серіктес жаңалықтары