Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесі іске аспақ

Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесі іске аспақ

Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесі іске аспақ
ашық дереккөзі
267

Таяуда Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесі таныстырылды. Оған сәйкес, мүгедектердің құқығын қорғау және өмір сапасын арттырудың 2018 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялауына байланысты өткен халықаралық конференцияда кеңінен сөз болды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, бұл құжатқа қосылу мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға жол ашпақ. «Қазіргі таңда Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның 400 мыңы жұмыс істеуге қабілетті және қызметке орналасуға құлшыныс танытуда. Алайда оларды жұмыспен қамту мәселесі толықтай шешілмей отыр»,- дейді жиынға қатысушылар. Жұмыспен қоса, арнайы педагогтар тапшылығы, ІІІ топтағы мүгедектерді баспанамен қамтуда жеңілдіктердің қарастырылмауы және қоғамдық нысандардың қолжетімді болмауы сынды мәселелер де өзекті.

Серіктес жаңалықтары