Электронды пошта бірқатар аурудың туындауына себеп болады екен

Электронды пошта бірқатар аурудың туындауына себеп болады екен

Электронды пошта бірқатар аурудың туындауына себеп болады екен
ашық дереккөзі
1889

Лафборо университетінің мамандары жүргізген зерттеу барысында электронды поштаға тәуелді болу күйзеліске түсу қаупін ұлғайтатындығы анықталды. Электронды поштаны жиі қолдану гипертония, қалқанша безі аурулары мен жүрек талмасы ауруы қалыптасуына әкеледі.

Мамандар электронды поштаны қажет болмаған жағдайда тексемеген жөн деген кеңес айтады. Смартфондар мен планшеттер адамдардың үнемі байланыста болуын қамтамасыз етеді. Алайда зерттеуге қатысушылардың көбі үнемі байланыста болса да, күйзелісте жүргені анықталды. Бұл олардың физиологиялық көрсеткіштерін бағалаған соң белгілі болды. Мәселе электронды поштада емес, адамдардың ойы үнемі сонда болып, күйзеліспен күресе алмауында дегенді алға тартады сарапшылар. Ал бұл денсаулық үшін қауіпті. Осы зерттеулерін негізге ала отырып, ғалымдар күйзеліспен күресуді үйрететін оқу-әдістемелік құрал шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Серіктес жаңалықтары