Аттестатқа мектептегі баға мен тестілеуден алған балл бірге қойылады

Аттестатқа мектептегі баға мен тестілеуден алған балл бірге қойылады

Аттестатқа мектептегі баға мен тестілеуден алған балл бірге қойылады
ашық дереккөзі
372

Қазақстанда мектеп түлектерінің біліміне қорытынды баға беру жүйесі қайта қаралады, – деп хабарлайды YK-news.kz. Порталдың мәліметінше, биылдан бастап ҰБТ қорытындысы бойынша баға беру жүйесі түбегейлі өзгереді.

Енді аттестатқа тестілеуден алынған балл емес жыл бойғы баға мен ҰБТ балының арасындағы арифметикалық баға қойылады. “Қазақстандық мектептердің түлектері бірнеше жылдан бері ұлттық тестілеудің бағалау жүйесінің салдарынан қайғырып келді. Бұл нормаға сәйкес, оқушы 11 жыл бойы, мысалы тарих пәнін бес бағасын алып келсе, емтиханнан жеткіліксіз балл алғаны үшін аттестатқа төрт қойылатын. 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі мұндай жүйеден бас тартуды ұйғарды”, – делінген жарияланымда. Шенеуніктер білімге тиімді баға беру үшін тестілеудің қорытындысын ғана емес жылдар бойғы білім көрсеткішін де ескеру жөн болады деген шешімге келіпті. Сәуірдің аяғында еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов ҰБТ өткізудің ережелеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Ведомствоның мәліметінше, бұл құжат мамыр айының ортасында БАҚ-та жарияланады. Сонымен қатар, даулы мәселелер туындаған жағдайда баға өсімі жағына қарай қойылады деген мәлімет бар. Алайда “Алтын белгі” үміткерлеріне арқаны кеңге салуға болады. Себебі жаңа стандарттың оларға қатысы жоқ. Мамандардың сөзіне қарағанда, кілең бестікке оқитындарға қатысты стандарттарға ешқандай өзгерту енгізілмеген, демек олардың аттестаттарына ҰБТ-да алынған баға қойылады.

Серіктес жаңалықтары