Ауғанстан: жыл басынан бері 1600 адам мерт болды

Ауғанстан: жыл басынан бері 1600 адам мерт болды

Ауғанстан: жыл басынан бері 1600 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Ауғанстанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны биыл 2%-ға артқан. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Жыл басынан бері 1 мың 6 жүзден астам адам көз жұмған. Жараланғандар болса 1%-ға азайып, 3 мың 5 жүзден асқан. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға қолдау көрсету өкілдігі жариялады. Зерттеуге қарағанда, құрбандардың 40%-ы лаңкестердің шабуылдардан опат болған. Ең ірі лаңкестік мамырдың 31-інде жасалған. Оның салдарынан 92 адам қаза тауып, тағы 500-ден астамы жараланған. Ал жалпы 2009 жылдан бері ауған жерінде 26 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмып, 49 мыңы жарақат алған.