Әлемдік құнды қағаздар нарығы шығынға ұшыруда
Әлемдік құнды қағаздар нарығы шығынға ұшыруда
Әлемдік құнды қағаздар нарығы соңғы екі жыл ішінде айтарлықтай шығынға ұшыраған. Сәуірдің ортасында құнды қағаздар құны 450 млрд доллар жоғалтты деп хабарлайды Bloomberg агенттігі Bank of America Merrill Lynch мәліметтеріне сілтеме жасап.
Америкалық және германиялық мемлекеттік облигациялар нарығы 10 жылдық қағаздарды жариялағанына қарамастан шығынға ұшырап, АҚШ 24 млрд доллар, Германия 10 млрд еуро жоғалтқан. Тіпті, 10 жылдық US Treasuries табысы өткен апта ортасында 2,23%-ға төмендеген. Орталық банк инвесторлары облигация салымдарын көбейте бастауы ірі броклер мен дилерлердің операцияларын қысқарта бастаған тұсымен тап келді. Нәтижесінде жалпы табыс рекордты минимумға жақындап, көптеген инвесторлардың шығынға батып, нарықтан кетуге мәжбүр етті. Сәуірдің ортасында инвесторлар Еуропалық орталық банк жүзеге асыратын дефляциямен күрес бағдарламасы нәтижеге жете бастаған соң мемлекеттік облигациялар бағасының өсімі тоқтады деп шешті. Бұл уақытта инвестициялық деңгейдегі ұжымдық облигациялар 1,14%-ға ұлғайған. Алайда олар 2014 жылдың мамырындағы қағаздармен салыстырғанда 1,62% және қазіргі уақыттағы орташа долларлық табыстан 3,14%-ға азайып, эмитенттердің еуроны көбірек алуына әсер еткен.