Facebook 1500 пәтердің құрылысын қаржыландырады

Facebook Менло-Парк қаласының әкімшілігіне өзінің штаб-пәтерін дамыту жоспары аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.

Facebook көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын ұсынды. Әкімшілікпен келісімге байланысты пәтерлердің 15 пайызы жағдайы төмен отбасыларға береді әрі қалалық инфрақұрылымның дамуын қаржыландырады.

Оған  себеп Менло-Парк тұрғындары 6500 жұмыс орнын ұсыну ауданның жаппай күйреуіне әкеп соғады деп кампустың кеңейтілуіне қарсылық білдірген.

Қала әкімшілігі Facebooк өкілдерінің ұсынысын қабыл алды.

Еске салсақ, 2016 жылдың маусымында Facebook Менло-Парк қаласының әкімшілігіне өзінің штаб-пәтерін дамытуды ұсынған болатын. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа корпустарда 6500 жаңа желі қызметкерлері жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, 200 бөлмелі қонақ үй, саябақ пен жағажайға шығуға мүмкіндік беретін велопедистерге арналған көпір болады.

 

Back to top button