Жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды

Жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды

Жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
Мүсірепов ауданында Улыкөл көлінде алты жасар бала суға батып кетті. Бұл туралы  ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.  Еске сала кетейік, 5 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Мүсірепов ауданы Сатробелка аулында тал түсте анасымен бірге туыстарына қыдырып келген 2010 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы жоғалып кетті. Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, 6 жасар Матвей Буровик 16.00-де туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Осы күні ТЖД жедел штаб құрып, баланы  іздеуге  күштер мен құралдар тартылды. "8 шілдеде сағат 13.10 минутта жергілікті тұрғындар Ұлыкөл жағасындағы судан белгісіз себептермен қаза тапқан баланың  мүрдесін тапты", — деп ақпараттандырдың Руслан Иманқұлов. Іздеу жұмыстарына 18 бірлік техника, 160-тан астам ТЖД, АІІБ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысқан.