2016 жылға дейін мұнай бағасы өспейді
2016 жылға дейін мұнай бағасы өспейді
Инвесторлардың көбісі 2016 жылдың аяғына дейін мұнай бағасы барреліне 75 доллардан жоғары болмайды деп есептейді. Бұл туралы Bloomberg Markets Global Poll сауалнамасының нәтижесінде жазылған. Тек инвесторлардың 12%-ы мұнай құны осы көрсеткіштен асады деп есептейді. Инвестициялар үшін ең тартымды жер Еуропа болып шықты — сауалнама қатысуышалырының 35%-ы, ал АҚШ-қа тек 33%-ы дауыс берген. Рспонденттердің 32%-ы жақын арадағы бір жыл ішінде Ресейге инвестиция бағыттамайтынын білдірді.
Ең нашар нарықтар ретінде Бразилия (29%) мен Қытай (25%) аталды. Мұнайды тұтыну көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрған Қытай экономикасы нашарлап жатыр деп есептейді сауалнама қатысушыларының 60%-ы. Респонденттердің тек 10%-ы жағдай жақсарып жатыр деген ойда. Бұл ретте сауалнама қатысушыларының үштен бірі жаһандық экономиканың жақсаруын болжап отыр. 2015 жылдың қаңтарында оң болжамдарын білдірген сарапшылардың саны 25%-ға жеткендігін айта кеткен жөн. Инвесторлардың пікірінше, доллар одан әрі нығая түседі, респонденттердің шамамен төрттен бірі оны қазір сатып алуға кеңес беруде.