Ресейлік құс өнімдерін елге кіргізуге уақытша тыйым салынды

Ресейлік құс өнімдерін елге кіргізуге уақытша тыйым салынды

Ресейлік құс өнімдерін елге кіргізуге уақытша тыйым салынды
ашық дереккөзі
296

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі РФ Астрахань облысынан келетін құс шаруашылық өнімдерін құс тұмауының өршуіне байланысты елге кіргізуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметінен хабарлайды.

«H5N1 құс тұмауының өршуіне байланысты ауыл шаруашылық министрлігіндегі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Астрахань облысынан келетін құс өнімдерінің кіргізілуіне тыйым салды. 2015 жылдың 28 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына тірі құс, инкубациялық жұмыртқа, құс мамығы, құс еті және жылу өңдеуінен өткізілмеген басқа да құс өнімдері, олардың жем-шөптері және Астрахань облысындағы құс сою кезінде қолданылған құрылғылар кіргізілмейді», -делінген хабарамада.

Еске салайық, осыған дейін тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті ресейлік өндірістегі еттен ішек таяқшалары мен шошқа ДНК-сын және натрийдің мөлшерленген шамадан жоғары екендігін анықтады. Осы жылдың наурызында аймақтық комитет департаменттері азық-түлік өнімдерінің 272 сынамаларының техникалық талаптарға сай келмейтіндігін анықтады. Қазақстан Республиканың заңнамаларына сәйкес, аталған тауарлардың барлығы сауда обьектілері мен жеткізушілердің қоймаларынан алынып тасталынды.

Серіктес жаңалықтары