Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

«Даму» Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді

«Даму» Қоры  шағын және орта кәсіпкерлік үшін 10 млрд теңге бөлді. 8 млрд теңге «АТФ Банкке», 2 млрд теңге «Нұрбанкке» салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.

Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.

«Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.

Қаржыландыру талаптары:

Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

– «АТФ Банк» АҚ –  жылына 14%;

– «Нұрбанк» – жылына 17,5%;

Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;

Мерзімі – 84 айға дейін.

 

Салалар:

⋅ Агроөнекәсіптік кешен;

⋅Тау-кен өндіру саласы;

⋅ Құрылыс материалдарын шығару;

⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;

⋅ Көлік және қоймада сақтау;

⋅ Туризм;

⋅ Ақпарат және байланыс;

⋅Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;

⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

⋅ Білім беру;

⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс;

⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету.

Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.

«Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button