Жезқазғанның орталық базары ортқа оранды

Жезқазғанның орталық базары ортқа оранды

Жезқазғанның орталық базары ортқа оранды
ашық дереккөзі
Жезқазған қаласының орталық базары өртенді. Жалынмен күресу үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 12 адам мен 4 бірлік теxника жұмылдырылып, тілсіз жау ауыздықталған. Өрттің себебін қазіргі кезде құзырлы орын өкілдері анықтауда. Ақпар бойынша, сауда орталығында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.  «20 маусым күні жезқазған қаласындағы шаруа сауда базарының бір қабатындағы мата сататын бөлімінде сағат 20.00-де төбенің ағаш қаптамасының ішкі жағы және материалдық құндылықтардың жануы анықталған болатын. 20.54-те өрт ауыздықталып, 21.20-да толыққанды жойылды. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ»,- деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз xатшысы, Айдана ЖҮНІС.