Лондонда мешітке келгендерді жүк көлігімен басып өтпек болған күдікті ұсталды

Лондонда мешітке келгендерді жүк көлігімен басып өтпек болған күдікті ұсталды

Лондонда мешітке келгендерді жүк көлігімен басып өтпек болған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Лондонның Финсбери-Парк ауданында теракт жасағысы келген күдікті қолға түсті, деп хабарлады BBC қала полициясына сілтеме жасап.
Құқыққорғау органдары шабуылдың жай-жапсарын анықтап жатыр. Бұл оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Жүк көлігі мешіт маңындағы адамдарды басып өтуге талпынған, соның салдарынан бір адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. 47 жастағы көлік жүргізушісін жергілікті тұрғындар полицияға ұстап берді. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй дүйсенбі күні үкіметтің шұғыл жиналысын өткізіп, болған оқиғаны "мұсылмандарға тікелей жасалған шабуыл" деп атады.