Жеңілдетілген автонесие мерзімі 20 жылға созылды
Жеңілдетілген автонесие мерзімі 20 жылға созылды
Қазақстандық автоөндірістің көліктерінің сатылымын көздейтін жеңілдікпен несие беру бағдарламасына байланысты Алматыдағы дилерлік орталықтарға сәуір айының аяғында келушілер саны екі есе өскен деп хабарлайды ҚАБА-ның баспасөз қызметі.
Қазақстанның басқа аумақтарындағы орталықтарда да осындай тенденция байқалған. Бағдарламаны қолданушылардың көп болуына байланысты жеңілдіктердің бірінші күні бағдарламаға қатысушы 6 банктің 2-і сол күні өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Алайда, бағдарлама ұзақ мерзімге лайықталған деп атап өтілген хабарламада. «Несие беру 20 жылға есептелген. Негізгі қарыз бойынша түсетін төлемдер Ұлттық банктің банк-агенттеріндегі арнайы есепшоттарында жинақталады. Біз ол қаржының қайтадан автонесиелендірілуге жіберілуіне көңіл бөлетін боламыз», — деп атап өтті ҚАБА президенті Андрей Лаврентьев. «Егер бұл ақшаға қанша көлік алуға болады десек, елімізде өндірілген барлық мшиналардың 36 пайызын құрайды. Яғни құны 16 000 доллар болатын 6 мың автомобиль», — деді ол. Сарапшылардың сөзінше, аталған жоба автоөндірісті қолдаудың бір ғана шарасы болып қалмау керек. Автоөндіріс экономиканы алға сүйретін локомотивке айнала алады дейді олар. Айта кетейік, осыған дейін құны 5,6 млн теңге болатын жергілікті өндірістің машиналарын жылдық мөлшерлемесі 7,5 пайызбен беретін жеңілдікті несие туралы хабарланған еді.