Астанада Nomad Way фолк-рок фестивалі басталды

Астанада «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестивальді қазақстандық «Тиграхауд», Hapanasasa топтары және әнші NАsia мен Өзбекстаннан келген «Аббос» тобы мен Башқұртстаннан келген «Аргымак» топтары ашты.
Этникалық фолк-рок астаналықтарға көшпелі елдердің бостандық сүйгіштігімен және жауынгерлік мәдениетін суреттейді. Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Nomad Way Астана тұрғындары мен қонақтарының ең жақсы көретін фестиваліне айналатынына сенеді. Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); «Тиграхауд» тобы (Қазақстан); «Алдаспан» тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); «Aббос» тобы (Өзбекстан); «Арғымақ» (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан); Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); «Айархаан» тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен «Чалама» тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).
«Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Концерттер күнделікті 11-15 маусым аралығында сағат 17.00-де басталады. Бұл Астанадағы соңғы іс-шарамыз емес. Алда жаздың үш айы бар, қала тұрғындарын мен қонақтарын түрлі музыкалық тосынсыйлар күтеді», – деді The Spirit of Tengri фестивалі мен «Жұлдыз FM» радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев. Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri – әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы – Tengri FM радиостанциясы. Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Билеттерді «Этноауыл» аумағында немесе kassir.kz сайтынан алуға болады.