STEM – білім беру және өнер фестивалі

STEM – білім беру және өнер фестивалі

STEM – білім беру және өнер фестивалі
ашық дереккөзі
Соңғы кездері елімізде өскелең ұрпаққа халықаралық стандарттарға сәйкес білім берудің жаңа жолдары мен тиімді тәсілдері көбейген. Солардың бірі – «Заңғар» жобасының шеңберінде өткізілген STEM Fest шарасы. «Шеврон» компаниясы, Атырау облысы әкімдігі және жергілікті серіктес ұйымдармен серіктестікте Халықаралық жастар қоры бірігіп ұйымдастырған бұл шара жастардың STEM-білім беруді («ғылым, технологиялар, инженерия және математика», ағылшын тілінде) үйренуге қызығушылықтарын арттыру және өнерді дамытудағы STEM мүмкіндіктерін мектеп оқушылары мен студенттерге көрсету. Фестиваль барысында қатысушылар арасындағы «Отбасыңмен қаланы сал!» сайысы балалар мен ата-аналардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге сеп болды. Фестиваль туралы ойымен бөліскен Қазақстан Республикасындағы Халықаралық жастар қоры (International Youth Foundation Kazakhstan) өкілдігінің директоры Әсем Сәтмұханбетова: «Біздің барлық қонақтарымызға қызықты болсын деп, біз фестивалді барынша түрлендіруге тырыстық. «Заңғар» жобасының негізгі қатысушылары 10 мен 22 жас аралығындағы ғана жастар болса да, біз фестивальдарымызды отбасылар үшін ұйымдастырамыз. Осындай іс-шаралар арқылы біз STEM-оқытуды кеңінен таныстыруға және STEM отбасының қызықты және пайдалы уақыт өткізуіне, негізгі тапсырмаларын үйде оңай орындауға болатын әдіс екенін көрсетуге ұмтыламыз», – дейді. Оның айтуынша, STEM Фестиваліне қатысушылардың жұмыстары «ақылды» үйлер, жылуды оқшаулайтын үйлер, эко-ландшафт пен жел генераторлардан құрылған өздеріне ортақ «Zangar-City» жобасының құрылысына негізделіпті. Осы идеяларды жүзеге асыру мақсатында, қатысушылар инженерлік жобалау, робототехника және бағдарламалау салалары бойынша тәжірибе жинақтаған. Инженерия негіздерін танып білу арқылы бастауыш мектеп оқушылары «ерекше құрылыстар», көпірлер және түрлі 3D нысандармен «Zangar» қалашығын безендіруге атсалысқан. Шараға қатысқан 12 жасар Азамат Хисметоллаев: «STEAM Fest маған өте ұнады. Zangar қалашығының құрылысына мен де өз үлесімді қостым. Үйлер құрастырып, көптеген құрылғылар және компьютерде қызықты ойындар жасадым. Осы Фестивальден мен өзіме пайдалы көп тәжірибе жинақтап, көп достарды таптым. Алдағы уақытта бұл Фестиваль жалғасын тапқанын қалаймын», – деді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, Zangar қалашығының аумағында орналасқан Дино-мұражайының жобасы да қатысушылардың ерекше назарын аударыпты. Мұражай экспонаттарын құру үстіндегі қызықты жұмыс балаларға 3D модельдеудің негіздерін үйренуге көмектескен. «Заңғар» жобасы 8 роботтық клубтарының арасында өткізілген спорттық робототехника бойынша сайыстар дәстүрге айналған көрінеді. Осы орайда, халықаралық жастар қорының жергілікті серіктестері «Bolashak Engineering» пен «Sumato Batys» компаниялардың көмегімен, қатысушылардың жасына байланысты STEM жаттығулардың бірнеше түрі ұсынылды Биыл екінші рет өткізілген Фестивальдің ерекшелігі – «Зергерлік өнердегі STEM» және «Өнердегі 3D баспа» сияқты семинарлар арқылы қатысушыларға өнерді нақты ғылымдар тұрғысынан қарастыру және, бір қарағанда, бір-бірімен байланысты емес екі бағыттың өзара байланысын көру мүмкіндігін берді. «Өнердегі 3D баспа» семинарын Fab Lab Atyrau-дың техникалық әлеуетін қолданып, 3D-принтер жасаған «Заңғар» жобасының бірінші түлектері Қайрали Әшіғалиев, Әлібек Ержанов пен Елисей Чалов ұйымдастырғанын атап өту жөн. Жастар өнерді дамытудағы STEM мүмкіндіктеріне «Заңғар» жобасы қатысушыларымен, соның ішінде Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайы өкілінің қолдауымен дайындалған инсталляциялар арқылы да көз жеткізген. Өнер бағытында ArtLab өнер студиясы мен қыш шебері Айсұлу Санаттың шеберлік сабақтары өткізілді.