Ет өнімдерінің экспорты 12 мың тоннаға жетті

Ет өнімдерінің экспорты 12 мың тоннаға жетті

Ет өнімдерінің экспорты 12 мың тоннаға жетті
ашық дереккөзі
246

2015 жылдың басында Қазақстан 12 мың тонна ет өнімдерін экспорттады. Оның басым бөлігі ойсылқараның еті екен.

Өндіріс 2013 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқандығын көрсетіп отыр. Сала мамандары, елдегі азық-түлік нарығында ет өнімдері саласының үлесі ең көлемді болып отырғандығын жеткізді. Бүгінгі таңда елімізде жекеменшік 398 мекеме ет өнімдерін өндірумен айналысады.  Етті өңдеп отырған құрылымдардың 25 пайызы, заманауи құрылғыларды қолданып отыр. Алайда, жөндеуді талап етіп отырған компаниялардың аз емес. Баға саясатын сөз еткен мамандар, кейбір өнімдердің бағасы жоғары болып отырғандығын айтты. Бұған, шығарылып отырған өнімнің сапасы әсер етупек. «Шығарылып отырған өнімдердің барлығы табиғи таза шикізаттан жасалып отыр. Көптеген мекемелер қаптамада, өнімдердің құрамында ешқандай қоспалардың жоқтығы анықталған. Себебі, көпшілігі өз шаруашылықтарында шикізатты алып отыр. Алдын-ала болжам бойынша, алдағы уақытта өндіріс ауқымы артады. Бұл сапалы өнімді алып, сапасы жоғары малды сатып алуға әсер етеді.

Үкімет ет өңдеу саласының компанияларын қолдау үшін, 2020 жылға дейін салаға 400 млрд. теңге инвестиция құюды жоспарлануда»,-дейді  азық-түлік өнімдері одағының вице-президенті Айжан Наурызғалиева.

Серіктес жаңалықтары