Халықаралық мұнай компаниялары Иранға 18 млрд доллар қарыз

Халықаралық мұнай компаниялары Иранға 18 млрд доллар қарыз

Халықаралық мұнай компаниялары Иранға 18 млрд доллар қарыз
ашық дереккөзі
263

Бірнеше әлемдік ірі мұнай компаниялары Иранға бұғауланған ирандық активтер есебінде 18 млрд доллар қарыз. Бұл туралы Иранның ұлттық мұнай компаниясының (ИҰМК) өкілі Мохмен Касари мәлімдеді6 - деп хабарлайды ТАСС.

Оларды қатарында Shell, BP, Indian Oil Refineries және басқа да компаниялар бар. АҚШ тарапынан Иранға санкциялар салынған кезде шетелдік банктердегі қаржылар бұғауланып қалған. Мысалы, Үндістанның қаржы ұйымдарында 4-5 млрд доллар бар. Ал BP (British Petroleum) қарызы Шотландия жағалауларындағы РУМ кен орнының 50 пайызы тиесілі ИҰМК тарапына америкалық санкциялар енгізуінің нәтижесінде пайда болды. Ұлыбритания билігі Иран мен «алтылық» арасында Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы жөнінде уақытша келісім орнағаннан кейін кен орнын өндіруге рұқсат берді. BP санкциялардан босатылып, Әзірбайжандағы 10 пайызы ирандық «Нафтиран интертрейд» компаниясына тиесілі Шах-Дениз кен орнын дамытуға мүмкіндік алды.

Еске салайық, Лозаннадағы келіссөздер кезінде Иран мен «алтылық» ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол қойды. Сол кезде ЕО-ның сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі өкілі Федерик Могерини атап өткендей, Иранның уран өндіру бойынша мүмкіндіктері шектеліп, оның қорлары елден шығарылады. Оның сөзінше, ядролық бағдарламаның бейбіт  сипаттағы кепілдігі үшін Тегеранға салынған шектеулер мен халықаралық бақылау кері шегеріледі.

Серіктес жаңалықтары