Алматыдағы хайуанаттар бағын жартылай мемлекет қаржыландырмақ
Алматыдағы хайуанаттар бағын жартылай мемлекет қаржыландырмақ
Алматы қаласының хайуанаттар бағын қайта жөндеуден өткізу үшін 483 млн доллар қажет, - деп хабарлайды Хайуанаттар бағын дамыту бойынша қоғамдық кеңес.
Аталған соманы Халық Банкі, Capital Partners, Технодом және қазақстандық бизнестің басқа да өкілдері бөледі деп күтілуде. «Хайуанттар бағын дамыту, қайта жөндеуден өткізу жоспарларына оперативті шаралармен қатар (апатты құрылыстарды қайта жөндеуден өткізу, абаттандыру жұмыстары, қосымша сервистер құру) зоологиялық бақтарды дамытудағы халықаралық тенденцияларға сәйкес толықтай қайта құру бойынша кең көлемдегі шаралар жүргізу жатқызылады», — деп хабарлайды хайуанаттар бағын дамыту бойынша қоғамдық кеңес өкілдері. Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов хайуанаттар бағын дамыту қалалық қоғамның пікірімен іске асады, осыған байланысты қоғамдық штаб құрылады деп мәлімдеді. Айта кетейік, хайуанаттар бағына тиесілі қаржыландырудың 60-65%-ы бюджет есебінен бөлінеді.