Алматы - туристердің қалтасын қағатын қала
Алматы - туристердің қалтасын қағатын қала
Алматы қаласында шетелдік туристтер қонақ үйдің бір күніне 60 мың теңгеге дейін ақша шығындайды, - деп ақпарат таратады iskernews. Алайда, қалалық туризмді басқару бөлімі бұл құбылысты шетелік қонақтардың өз қалауы деген ойда.
Алматы қаласы Туризмді басқару бөлімінің басшысы Жанар Алшымбаева: «Бүкіләлемдік дағдарыс демалыстың бағасына да өз әсерін тигізіп жатыр. Жуырда біз Лондондық әріптестерімізбен неліктен Қазақстанның қымбат демалыс орны болып саналатындығы жөнінде кеңестік. Біздің елімізге туристік саяхатпен келетіндердің бір бөлігі жақсы қонақүй, жақсы демалыс үшін ауқымды ақша төлеуге дайын»,- дейді.
Оның айтуынша, Алматыда әрбір турист үшін ыңғайлы қонақ үйлер жоқ емес. Қаланың туристік потенциалы да өте жоғары. Кез-келген адам өзінің қалтасына қарай қонатын орын таба алатын көрінеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мегаполисте 122 қонақүй жұмыс істейді. Оның ішінде бесжұлдызды (5), төртжұлдызды (42) және 80-ге тарта басқа да қонақүйлер бар. Мұнымен қоса, қалада хостел(жатақхана) сияқты үнемді тұрғын үйлер кешендері де туристерге қызмет көретуге ниетті. Мұнда бір тәуліктік кереует бағасы екі мың теңгеден басталады. Бөлім басшысы EXPO және Универсиада-2017 сияқты кең ауқымды іс-шаралардан алдын арнайы мамандар, Алматы қаласының туристік потенциалын сараптамадан өткізгенін айтып өтті. Бұл зерттеулердің қорытындысы бойынша, Алматыдағы қонақүйлердің бірмезгілдегі сыйымдылығы 12 мың орынға дейін қамти алады.