СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 54 шетелдік Қазақстаннан қуылды

СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 54 шетелдік Қазақстаннан қуылды

СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 54 шетелдік Қазақстаннан қуылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны 54 шетелдік азамат Қазақстаннан қуылды. Бұл туралы  СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Сот оларды елден шығару шешімін әкімшілік заңнаманың өзге де бұзушылықтары үшін қабылдады. Шетелдіктердің арасында мұндай заң бұзғандар саны - 7. Енді олар үшін Қазақстан аумағы 5 жылға жабық. Мәселен, 45 жастағы Ресей Федерациясының азаматы спирттік ішімдіктер ішіп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын. Ал Петропавлда рұқсатсыз саудамен айналысқан Өзбекстан азаматы облыс орталығында бірнеше ай тұрып келген. Қазіргі таңда Қазақстаннан кетуі керек болған 6 адам түрлі себептермен сот қаулысын әлі де орындамады. Оларды облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері өз бақылауына алды. Егер, олар сот шешімін орындамаса, қылмыстық жауапқа тартылатын болады. Жыл басынан бері осындай сипатта 8 қылмыстық іс қозғалған.