Ұлттық кітапханадан Ассамблея залы ашылып, мемлекеттік хатшыға оқырман билеті берілді

Ұлттық кітапханадан Ассамблея залы ашылып, мемлекеттік хатшыға оқырман билеті берілді

Ұлттық кітапханадан Ассамблея залы ашылып, мемлекеттік хатшыға оқырман билеті берілді
ашық дереккөзі
798

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылды. Осыған орай өткен салтанатты жиынға мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты.

Шара Ассамблеяның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мұнда 2009 жылдан бастап жинақталған 1500 данадан аса материал мен құжаттар сақталады. Олардың ішінде ерекше сұранысқа ие монографиялық еңбектер де бар. Бүгін сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысына алғашқы оқырман билеті табысталды. Шара аясында «Менің Қазақстаным» анықтамалығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүрағаттық құжаттары мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті.  «Мұндай кітапхана алғаш рет құрылып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған кітапхана. Меніңше, барлық этноорталық мүшелері осында жиі келетін болады. Өздерінің материалдарымен бөлісіп, сіздердің де кітаптарыңызды оқиды деп сенемін. Сондықтан тек сәттілік тілеймін»,- деді Мемлекеттік хатшы. 

Серіктес жаңалықтары