Маңғыстауда қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды , деп хабарлайды turkystan.kz.
Табиғат қорғау прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың 4 лауазымды тұлғасы мен коммуналдық кәсіпорындардың жауапты тұлғалары ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Атап айтқанда, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының Баянды ауылы аумағында белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтардың едәуір көлемде жинақталуына жол берілген.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы полигонында қалдықтарды жинақтау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу салдарынан 1500 ш.м. аумақта өрт жану дерегі орын алған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, табиғат қорғау заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.