15 жастағы қазақстандық қыз гір спортынан абсолютті әлем чемпионы атанды

/
15 жастағы қазақстандық қыз гір спортынан абсолютті әлем чемпионы атанды
СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылының тұрғыны Анастасия Беседина кәсіпқой әйелдер арасында гір спортынан әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Жарыс Латвияның Рига қаласында өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Геннадий Зенченко атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол әрқайсысының салмағы 24 келі болатын екі гірді серпе көтеру жаттығуын 78 рет орындап, жарыстың үздік нәтижесін көрсетті.

Анастасия спорт шебері, әпкесі Валентина Бесединаны үлгі тұтып, екінші сыныпта гір спортымен айналыса бастаған. Бір жарым жылдық жаттығудан кейін өз жас тобындағы үздік спортшылардың қатарына қосылды. Ал 15 жасында кәсіпқой әйелдер арасында әлем чемпионы атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары