Әділет Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

/
Әділет Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі

Үкімет қаулысымен Әділет Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әділет Тұрғанбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадр резервінің мүшесі.

Ол 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін және Сингапур ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан халықтарының рухани даму қоры» акционерлік қоғамында менеджер болып бастаған. 2011 жылы Қазақстанның Мәдениет министрлігіне ауысып, Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасында сарапшы қызметін атқарған.

2012-2019 жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеді. Алдымен сарапшы, кейін бас сарапшы, одан соң халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы болды.

2019-2023 жылдары Премьер-министр Кеңсесінде қызмет атқарды. Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде бас консультант, кейін бас инспектор болды.

2023 жылы «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының бас менеджері болып тағайындалды. 2024-2025 жылдары Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетін басқарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары