Астанада Есілден 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

/
Астанада Есілден 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
istockphoto.com

Астанадағы Есіл өзенінен 56 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәйіттің табылғаны туралы хабарлама Threads әлеуметтік желісінде тарады.

«Бүгін Айтматов көшесіндегі көпірдің астынан, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңынан мәйіт табылды. Не болғанын білетіндер бар ма?» – делінген жазбада.

Астана полициясы бұл ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басы анықталғанын хабарлады.

«Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Айта кетейік, тамыз айында да Есіл өзенінде осыған ұқсас оқиға болған еді. Арыс көпірі маңында ер адам өзеннен жүзіп өтпек болып, өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар оны судан шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары