Президент Жолдауы қоғамымыздың даму бағдарын анықтап берді – Асхат Маемиров

/
Президент Жолдауы қоғамымыздың даму бағдарын анықтап берді – Асхат Маемиров

Мемлекет басшысы күні кеше жариялаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты Жолдауында үкіметке мемлекеттік басқару ісінің сапасын толықтай жақсартуды тапсырған болатын. Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров Президентіміздің Жолдауы жалпы мемлекетіміздің даму бағыттарын әрбір сала бойынша кешенді тұрғыда жүргізудің нақты тетіктерін анықтап бергенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауы – цирфландыру дәуірінде өмір сүріп жатқан қоғамымыздың даму барысының бағыт-бағдарын анықтап берген құжат болды. «Цифрлық дәуір қаншалықты күрделі, қиын, тіпті қауіп-қатерге толы болса да, біздің мақсат-мұратымыз өзгермейді. Бұл – жаңа тұрпатты мемлекет құру, жаңғыру мен жаңару жолынан айнымау», деді Президентіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. «Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек. Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет. Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді, – деді ол.

Өнер иесінің ойынша, ғылым, білім, инновацияны дамыту арқылы өзіміз өмірі сүріп, еңбек етіп отырған туған елімізде іргелі істер жасау – жүрегі «Отан» деп соққан әрбір азаматтың өмірлік мақсат-мұратына айналуға тиіс.

«Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. «Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», деді Президент. Президентіміз жолдауға арқау еткен бастамалардың барлығы дерлік халқымыздың әл-ауқатын арттыруға және жас ұрпақтың игілігіне бағытталғаны қуантады. Әсіресе, қарапайым еңбек адамдарының айлық жалақысының өсуі және халықтың табысын ұлғайтуды жылдан-жылға арттырып отыру үкіметтің күн тәртібінен түспейтіндігін нақты айтты. Тағы бір маңызды міндет Конституциямызда атап көрсетілгендей, адам капиталы алдыңғы қатарға шығып, өркениетті мемлекетке айналу жолында тәртіп пен заң қағидатына сүйене отырып, әділдік принциптері мен кәсіби ұстанымдар – баршамыз үшін басты темірқазық. Ғылым, білім, инновацияны дамыту арқылы өзіміз өмірі сүріп, еңбек етіп отырған туған елімізде іргелі істер жасау – жүрегі «Отан» деп соққан әрбір азаматтың өмірлік мақсат-мұратына айналуы тиіс деп есептейміз. Бұл орайда Президентіміз үкіметке мемлекеттік басқару ісінің сапасын толықтай жақсартуды да тапсырды. Инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрия саласын дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Президентіміз сонымен бірге, аймақтарды дамыту жолындағы атқарылар жұмыстарға ерекше тоқталды. Даму жолын жасампаз істермен айқындай алған мемлекет қана технологиялар қарыштаған дәуірде өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруі үшін ұзақ мерзімге арналған жалпыұлттық бағыт-бағдар жасайды. Бұл орайда Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауы – мемлекетіміздің даму бағыттарын әрбір сала бойынша кешенді тұрғыда жүргізудің нақты тетіктерін анықтап берді», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары