Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті

/
Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті
istockphoto.com

Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен.

Жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында ұрлық дерегін анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрады.

15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ұрланған бұйымдарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары