Әлемдік шикізат бағасы төмендейді
Әлемдік шикізат бағасы төмендейді
Мұнай, темір рудасы және көмір бағасы 40 долларға дейін түсіп кетуі мүмкін деп есептейді Merchant Commodity Fund деп хабарлайды 7kun.kz. Әлемдік экономиканың өсімі баяулап жатқан кезде өндіріс көлемінің ұлғаюы шикізат бағасының одан әрі төмендеп кетуіне себеп болуы ықтимал. Қытайдың тұтынушылықты азайтқанына да байланысты шикізатқа деген сұраныс азая түседі деп есептейді қордың сарапшылары. Bloomberg агенттігі сауалнама жүргізген сарапшылардың болжамынша, әлемдік ЖІӨ осы жылы 2,9%, келесі жылы 3,2% көбейе түседі.
Салыстырма үшін, 2010 жылы жаһандық экономиканың өсімі 4% артқан еді. «Мықты шикізат нарығы үшін экономиканың дамуы 5% болуы қажет», -дейді қор басшысы Майкл Коулман. WTI сұрыпты мұнайдың бағасы соңғы жылы 46%-ға, темір рудасының бағасы 55%-ға, ал еуропалық көмір 31%-ға дейін арзандады.
Merchant Commodity Fund сарапшыларының пікірінше, мұнай бағасының наурызда 34%-ға көбеюі уақытынан бұрын орын алып отыр. Америкалық мұнай компаниялары барлау қондырғыларының санын азайтқанымен, баға барреліне 60 долларға дейін көтерілсе қайта көбейтуі мүмкін.
Merchant Commodity Fund инвестициядан өткен жылы 59% есебінде табыс тапты. Қордың басқаруындағы активтер саны 280 млн долларға дейін көбейді. 2014 жылдың наурызында бұл көрсеткіш 136 млн доллар деп белгіленген еді.