Алматы облысының Талғар ауданының прокуратурасы заңнамаға сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған азаматтардан оны заңсыз өндіріп алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, паспортты ауыстыру кезінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және заң бойынша мұндай жеңілдікке құқығы бар өзге де азаматтардан мемлекеттік баж төлеу негізсіз талап етілген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Азаматтардан заңсыз алынған қаражат толық көлемде қайтарылады.
Сонымен қатар, мұндай заңсыз тәжірибеге жол бермеу мақсатында осыған ұқсас фактілерді анықтау бойынша тексеру басталды.
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау прокуратураның ерекше бақылауында.