Ақтауда есірткі өсімдігін өсірген шетел азаматы ұсталды

/
Ақтауда есірткі өсімдігін өсірген шетел азаматы ұсталды
polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы ғимараттардың бірінің маңында 39 жастағы шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеке тінту барысында оның күртесінің қалтасынан марихуана заты бар полиэтилен пакет, сондай-ақ ғимараттың кілті тәркіленді. Кейін аталған ғимаратта жүргізілген тінту кезінде арнайы жабдықталған бөлмеден заттай дәлел ретінде 14 шам, желдеткіш, екі термометр және қарасораның 40 түбі табылып, тәркіленді. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 11,920 келіні құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталған азамат медициналық куәландырудан өтті. Оның ағзасынан каннабиноидтардың метаболиттері анықталды.

Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары