Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпиондық белбеуі үшін Якоб Банкпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды.
Боксшылардың командалары жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келісімге келген. Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұйым қос тараптан 168 фунт (76,2 келі) салмақтағы бос чемпиондық атақ үшін кездесуге келісім бергені туралы ресми хабарлама алған.
«WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан 168 фунт салмақтағы бос әлем чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарламаны алғанын қуана растайды. Қосымша мәлімет кейін жарияланады», – деп жазды Оливьери.