Биржада күрт өскен доллар бағасы қайта арзандады

/
Биржада күрт өскен доллар бағасы қайта арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,65 теңгені құрады. Бұл — 1,71 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 қазанға белгілеген доллардың ресми бағамы 454,98 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 451,54 теңге, сату бағамы — 453,86 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 451,66 теңгеден сатып алып, 453,93 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 28 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеді, 29 қыркүйекте 1,83 теңгеге төмендеді, 30 қыркүйекте 1,59 теңгеге өсті, 1 қазанда 1,42 теңгеге өсті, 2 қазанда 5,47 теңгеге өсті, ал 5 қазанда 6,62 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары