Жазғы Азиада-2026: Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға өтті

/
Жазғы Азиада-2026: Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға өтті
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандық спортшы 74 келіге дейінгі салмақта Оңтүстік Корея өкілі Хан Дэ Гильмен күресті. Нәтижесінде Қайпанов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Нұрқожа жартылай финалда Юнес Эмамичогаимен (Иран) күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары