Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Махмұд 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Иран боксшысы Мехди Каземимен қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, екінші және үшінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.