Алматы тұрғыны айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

/
Алматы тұрғыны айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз мініп кеткен
istockphoto

Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Анықталғандай, көлік бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлына байланысты арнайы айып тұрағына қойылған.

"Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі құжаттарын алып кету үшін айып тұрағына келген. Алайда ол құжаттарын алудың орнына көлікке отырып, айып тұрағынан өз бетінше шығып кеткен", - деп жазылған хабарламада.

Полиция көлікті іздеуге кірісіп, оны Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысы тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары