Алматыда үй қоршауына өз есімін жазған тұрғын 5 тәулікке қамалды

/
Алматыда үй қоршауына өз есімін жазған тұрғын 5 тәулікке қамалды
Алматы ПД

Алматы полициясы қаладағы ғимараттарға, қоршауларға және басқа да инфрақұрылым нысандарына заңсыз жазу мен сурет салатын адамдарды анықтау бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай әрекеттер қаланың сыртқы келбетіне кері әсер етіп қана қоймай, мүлік иелеріне де зиян келтіреді. Өзгенің мүлкіне оның иесінің рұқсатынсыз жазу немесе сурет салу құқық бұзушылық болып саналады және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Соңғы тәулікте осындай үш дерек анықталды. Атап айтқанда, «Өжет» шағынауданында тұрғын үйдің қоршауына аэрозоль бояуымен өз атын жазған азамат анықталды. Ол жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

«Өзгенің мүлкіне салынған кішкентай жазудың өзі жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіну маңызды. Граффитимен айналысқысы келетіндер оны тек арнайы рұқсат етілген орындарда жасауы керек», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары