Қарағандыда бетперде киген 3 адам ғимараттың есігін бұзып ұрлыққа түскен (ВИДЕО)

/
Қарағандыда бетперде киген 3 адам ғимараттың есігін бұзып ұрлыққа түскен (ВИДЕО)
Polisia.kz

Қарағандыда полиция қызметкерлері ұйымның есігін бұзып кіріп, ақша ұрлады деген күдікпен үш адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен айдың ортасында Қазыбек би атындағы полиция басқармасына 44 жастағы қарағанды тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдардың ұйымның есігін бұзып кіріп, ақша ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеген. Кадрлардан күдіктілердің бет-жүзі анық көрініп, бұл олардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік берген.

Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерімен бірлесіп, күдіктілерді тұрғылықты мекенжайлары бойынша бір мезетте ұстады. Ұсталғандар – 32, 25 және 21 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың облыс аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеттерінің барлық ықтимал эпизодтары анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар