Теміртауда жарылыс болды

/
Теміртауда жарылыс болды
istockphoto

Теміртау қаласындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 06:11 шамасында болған.

"Теміртау қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан үйдің терезе блоктары мен қабырғасы зақымданды. Бір адам зардап шекті", — дейді құтқарушылар.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы 1959 жылы туған үй есін Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар