Атырау тұрғыны Асылан Жазиков көлігінің артқы әйнегіне жуырда әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаның портретін салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Суреттің жанына «Елена Рыбакина – №1 чемпион. Әлемнің бірінші ракеткасы» деген жазба қалдырған.
Бұған дейін оның көлігінің әйнегінде футболшылар Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековтің портреттері де болған.