«Денсаулықпен ойнауға болмайды»: Азамат Сатыбалдының қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

/
«Денсаулықпен ойнауға болмайды»: Азамат Сатыбалдының қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал актер Азамат Сатыбалды денсаулығын жақсарту мақсатында ашығу әдісін қолданып жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына денсаулыққа қатысты кез келген тәсілді алдын ала зерттеп, оның ерекшелігін біліп алуға кеңес берді.

«Қадірлі достар. Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Мысалы, менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүремін. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды. Алла жар болсын», – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Актердің айтуынша, ол бұл әдісті 10 жылдан астам уақыттан бері жылына екі рет қолданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар