Маңғыстау вокзалында пойызға мінбек болған жолаушы көз жұмды

/
Маңғыстау вокзалында пойызға мінбек болған жолаушы көз жұмды
facebook.com/railways.kz

Маңғыстау вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы пойызға мінбек болған ер адамның денсаулығы кенет нашарлап, ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lada.kz жазуынша, қайғылы жағдай 3 қыркүйекте №613 пойызына жолаушыларды отырғызу кезінде болған.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, ер адамның жағдайы вагон жанында күрт нашарлаған. Пойыз қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырып, оқиға туралы полиция мен станция кезекшісіне хабар берген.

Дәрігерлер жолаушыға көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиғаға байланысты пойыз белгіленген уақыттан кеш шығып, жолға кейінірек аттанған.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыс істеген.

Әзірге ер адамның нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар