Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға алма әкелуге 2026 жылдың соңына дейін уақытша тыйым салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құжат 3 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Алайда шектеуге бірқатар жағдай кірмейді. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін алмаға тыйым салынбайды. Бұл ретте тауардың соңғы баратын жері Қазақстан болмауы керек. Яғни ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екіншісіне Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және олардың өнімін тұрақты өткізуге жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.