Жамбыл облысында колледж директорына айыппұл салынды

/
Жамбыл облысында колледж директорына айыппұл салынды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды нұсқамаларды орындамау фактісі бойынша азамат И-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының тексеру комиссиясы Жуалы ауданындағы колледждің бюджет қаражатының жұмсалуына тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, колледждің бірнеше қызметкеріне артық жалақы төленген. Сондай-ақ колледжге күрделі жөндеу жүргізу кезінде бюджет қаражатын артық жұмсау фактісі де анықталған.

Комиссия бұзушылықтарды қыркүйек айына дейін жою туралы нұсқама берген. Алайда бұзушылықтар толығымен жойылмаған, нәтижесінде колледж директорына қатысты хаттама толтырылды.

Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот кінәні мойындауды және өкініш білдіруді жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен азамат И. ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 64 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары