Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған кісі өлімі ашылды

/
Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған кісі өлімі ашылды
istockphoto.com

2012 жылы Павлодар қаласындағы саяжай алқаптарының бірінің аумағынан зорлықпен қаза болған белгілері бар егде жастағы әйелдің мәйіті табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмаған қылмыстар қатарында болды. Алайда адам өлтіруге қатысы бар тұлғаны анықтау бойынша жұмыс тоқтатылған жоқ.

Прокурорлардың және тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының жүргізген жұмысының, сондай-ақ криминалистикалық зерттеудің заманауи әдістерін қолданудың нәтижесінде қылмысты жасауға қатысы бар тұлға анықталды.

Күдікті – Павлодар облысы Успен ауданының 62 жастағы тумасы.

Прокуратураның нұсқауы бойынша жүргізілген сот сараптамаларының кешені, сондай-ақ тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қажетті дәлелдемелер жиналды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотталушының әрекеттеріне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары