ҰҚК өңірлерден 56 қару-жарақ тәркіледі

/
ҰҚК өңірлерден 56 қару-жарақ тәркіледі
ҰҚК

Биылғы тамызда ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Барлығы 56 қару-жарақ, оның ішінде 4 автомат, 34 мылтық, 18 тапанша, 13 граната және 314 оқ-дәрі тәркіленді.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары