Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

/
Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді
istockphoto.com

3 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап Алматы облысында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты KZ05-10 «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» автомобиль жолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылы) 51-шақырымына (Ақсай ауылы) дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған учаскеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты көлік құралдары үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылды. Айналма бағыт республикалық маңызы бар «Алматы – Қонаев», «Қонаев – Құрты», «Алматы – Шелек – Қорғас» және жергілікті маңызы бар «Байсерке – Әли» автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

Жолды 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашу жоспарланған.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен уақытша қозғалыс сызбасын сақтауға шақырамыз.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары